✓ Емделушінің өз мәселесін анықтау: күнделікті нормадан жоғары шаштың түсуі, қайызғақ, терінің қышуы.
✓ Трихолог дәрігерінге онлайн диагностикаға жазылу (қаланы емделуші таңдайды)
✓ Онлайн диагностика (30 минут бос уақыт, жақсы интернеттің болуы, айналасында сыртқы шудың болмауы):
Диагноз қою, емдеу бойынша ұсынымдар, зертханалық зерттеулерге ұсынымдар( талдаулар), олардың нәтижелері бойынша терапияны түзетуге болады:
Қарапайым диагноз: емдеу әдісі - үйде күтім жасау құралдары (үйге жеткізу немесе алып кету) + айына 1 рет - емдеу динамикасын бақылау үшін дәрігермен бейне қоңырау.
Күрделі диагноз: емдеу әдісі - қашықтықтан емдеу (үш кезеңнен тұрады):
1. Трихоскопия, микроскопия жүргізу үшін орналасуы жағынан ыңғайлы клиникада (Алматы, Нұрсұлтан, Атырау,Шымкент) көзбе-көз қабылдау.
2. Клиника мен емделушінің құқықтары мен жауапкершілігін бекіту үшін шарт жасасу
3. Емделушінің қолына емдеудің бірінші кезеңінің препараттарын беру + препараттарды жағу кестесін жасау
4. Емдеудің барлық процесін қашықтықтан сүйемелдеу (емдеудің 3 кезеңі, әр кезеңнің соңында-емдеу, динамиканы бақылау үшін дәрігермен бейне қоңырау шалу және клиниканың есебінен емдеудің келесі кезеңінің препараттарын пациентке жіберу). 3 - кезеңде-инъекциялық процедуралар курсын қосу (емделушінің тұрғылықты жері бойынша, процедуралар санын дәрігер ұсынады).
Емдеудің 3-кезеңінің соңында-емдеу нәтижелерін және одан әрі ұсыныстарды анықтау үшін дәрігермен бақылау бейне қоңырауы